Astana - Даун Андер Классик. Финалда Луис Леон Санчес 8-нәтиже көрсетті

Astana - Даун Андер Классик. Финалда Луис Леон Санчес 8-нәтиже көрсетті

Қазақстандық «Астана» командасы 2019-жылғы маусымды Аделаида (Аустралия) көшелерінде «Даун Андер Классик» критериумімен бастады. Бұл веложарыс Әлемдік Турдың алғашқы көпкүндігі болып саналатын «Даун Андер Туры» аясында өтетін дәстүрлі дода болып табылады. «Астана» жарысты қызуқанды стильде өткізуге тырысты. Мануэле Боаро аралық спринттердің бірін жеңіп, жарыстың жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Луис Леон Санчес он үздік шабандоз қатарынан табылып, 8-нәтиже көрсетті. 

<span>- Бүгін тек критериум ғана болды. Бұл үлкен велодода алдында өткен кішігірім бастама деуге де болады. Өте жылдам жарыс болды. Бірақ өзімнің қазіргі қалпыма, әсіресе, бүгінгі Аделаидадағы аптап ыстықты ескеретін болсақ, жарыс жолын жүріп өткен жылдамдығыма көңілім толады. Жарыс оңайға соққан жоқ. Финалға таяу менің алдымда пелотонда бірнеше қақтығыс орын алып, айтарлықтай қауіп төндірді. Соңғы қақтығыс менің көз алдымда өтті. Бірақ мен одан құтылып кеттім. Әрине, бүгінгі жарыста жеңіс үшін таласқа түсу қиынға соқты. Себебі бұл велодода критериумнің нағыз мамандарының ыңғайына жақсы келеді. Дегенмен бүгінгі күнді жақсы өткіздім. Енді бар ойым алдағы аптада өтетін жарыста, - деді Луис Леон Санчес. </span>

<span>Аделаиданың шығыс амағында өткен велобәйге барысындағы толассыз шабуылдарға қарамастан пелотон жарыс жолының шешуші соңғы бес шақырымында қайта жиналды. Шабандоздар өте жоғары жылдамдықпен жүргендіктен пелотонда бірнеше мәрте қақтығыстар орын алып, велобәйге қорытындысына өз әсерін тигізді. Жарыс жолының финалдық шақырымында орын алған кезекті қақтығыстан кейін шағын топ басымдылыққа ие болып, жеңісті өзара бөлісті. Аустралиялық Калеб Юэн словакиялық Петер Саганды басып озды. Луис Леон Санчес мәреге 8-болып келсе, «Астананың» тағы бір шабандозы Давиде Баллерини 11-орынға тұрақтады. </span>

<span>- Біз бүгін маусымды аштық. Жарыс оңайға соқпады. Шабандоздар бірнеше мәрте құлады. Қуанышқа орай біздің шабандоздарымыздан ешкім зардап шеккен жоқ. Давиде Баллериниге финалдық спринтте көмек көрсету жоспарымызда бар еді. Шешуші шақырымдарда ол Вивианимен бірге жақсы позицияда болатын. Бірақ соңғы қақтығыс біздің бар үмітімізді үзді. Қуанышқа орай Давиде құлаған жоқ. Бірақ күрт тоқтағандықта жарыс жолындағы өз позициясын жоғалтып алды. Және көшбасшыларды қуып жету мүмкін болмады. Дегенмен Луис Леон Санчес Топ-10-дық қатарына ілікті. Ал Мануэле Боаро аралық спринттердің бірін ұтып алып, жеңіс тұғырына шықты. "Астана" бүгінгі күнді жақсы өткізді. Ал команда ұжымында тамаша атмосфера сезіледі. Енді біз келесі аптада өтетін ең басты веложарысқа дайындаламыз, - деп қоса кетті «Астананың» спорттық директоры Ларс Михаэльсен.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или