Northwave «Астана» командасының жаңа велотуфлиін таныстырады

Northwave «Астана» командасының жаңа велотуфлиін таныстырады

Әлемдік Турдың командасы «Астана» велоспортқа арналған аяқ-киімдерді өндіретін Northwave компаниясымен бірлесе жұмыс атқаратынын жариялады. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап Northwave бренді «Астана» командасының ресми велотуфлиі атанбақ. 

<span>Әлемдік Тур командасы «Астана» велосипед аяқ-киімдерін шығаратын әлемнің ірі брендімен келісімге келгенін мақтанышпен айта алады. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап Northwave бренді команданың ресми велотуфлиі болып саналады. </span>

<span>- Northwave компаниясы әрқашан инновациялық жаңашылықтарды пайдаланып, әртүрлі серіктестермен байланыс орнатады. «Астана» командасы алға қойған мақсаты зор, талабы таудай ұжым. Сондықтан да, біз екеуара келісімге келдік. Алдағы үш жыл бойы біз жаңа туфлилерімізді ұсынып, өзіміздің бұл салада мықты екендігімізді көрсетеміз, - деді Northwave компаниясының директоры Давиде Россетти. </span>

<span>Northwave – бұл италияның Монтебеллун (Венето, Солтүстік Италия) қаласының компаниясы. Оны Джанни Пива ашқан. Компания негізінен велоспорт саласына арналған киімдер тігумен айналысады. 1980 жылдары бұл компания өз қызметін қысқы спортқа арнап киімдер тігуден бастаған. Ал 1993 жылдан бастап велоспортқа арналған киімдерге көшкен. </span>

<span>- Біз Northwave компаниясымен келісімге отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл танымал әрі тез дамып отыратын бренд. Олар әсіресе шабандоздарға арналған велотуфлилер шығарады. «Астана» командасына арнап жаңа әрі сапалы киімдер ұсынатын болады. Велоспортта аяқ киім маңызды рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Northwave компаниясының тауарлары «Астана» командасының жаңа жетістіктерге жетуіне септігін тигізеді деп есептеймін, - деді «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или