Артем Захаров – велотректен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Артем Захаров – велотректен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Велотректен Джакартадағы Азия чемпионатында Артем Захаров топтық жарыстан күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz 

Бұл оның құрлықтық додада еншілеген екінші жүлдесі. Екі күн бұрын із кесу жарысында Артем ұлттық құрама спортшыларымен бірге үшінші сатыдан көрінген.

«Нәтиже жаман емес. Азия чемпионатынан екі медальмен кетіп барам. Омниумда жүлде алудың реті келмеді. Шынын айтқанда, аздап жолым болмады. Азияда велотректің деңгейі өсіп келеді. Бәсекелестер өте көп. Жалпы алғанда, Токио Олимпиадасына барар жол біз үшін сәтті болып келеді. Барлығы да жоспар бойынша өтуде», - дейді Захаров. 

Айта кетелік, Қазақстан құрамасы командалық сында қола медаль иеленсе, 1000 метрге жарысуда Сергей Пономарев алтыннан алқа тақты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или