Сергей Пономарев велотректен Азия чемпионы атанды
Джакартада өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Сергей Пономарев элиталық сында жеңіс тұғырынан көрінді.
Пономарев 1000 метрге элита әдісімен жарысуда жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 1:02.831.
Екінші орында Тайпей, үшінші орында Қытай спортшылары.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстан құрамасы командалық із кесу жарысында араға 12 жыл салып қола жүлдегер атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или