Қазақстан ерлер командасы велотректен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Бұл күндері Джакартада велотректен рейтингілік Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан ерлер командасы қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық команда із кесу жарысында тұғырдан көрінді. Команда намысын Артем Захаров, Роберт Гайнеев, Роман Василенков және Әлішер Жұмақан қорғады.
Бұл сында Оңтүстік Корея командасы жеңімпаз атанса, Жапония күміс жүлдегер атанды.
Бұл Қазақстан құрамасының командасының 2012 жылдан бері командалық сында иеленген алғашқы медалі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или