Велотректен Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
3-14 қаңтар аралығында велотректен Қазақстан ұлттық құрамасы Индонезия астанасы Джакартада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, артынша Азия чемпионатына қатысады.
Джакартаға Қазақстан сапынан жеті спортшы, бір массажшы және екі бапкер аттанды.
Атап айтар болсақ, Азия чемпионатына Қазақстан намысын Артем Захаров, Павел Воржев, Роман Василенков, Роберт Гайнеев, Әлішер Жұмахан, Тұрар Асылхан және Рината Сұлтановалар қорғайды.
Еске сала кетейік, өткен маусымда Джакартада өткен Азия ойындарына Артем Захаров екі мәрте қола медаль жеңіп алды.
Велотректен Қазақстан құрамасының бас бапкері – Владимир Бушанский.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или