Әлем футболы

Аршавин жұбайымен ажырасып кетті

Аршавин жұбайымен ажырасып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Футболшы Андрей Аршавин өз жұбайымен ажырасып кеткен. Бұл туралы Алиса Аршавина "Экспресс газета" басылымына берген сұхбатында айтты.

- Біз Андреймен ажырасып кеткенімізге көп болды,- деді Алиса "СтарХитпен" әңгімелесу барысында.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Андрей Аршавин спорттық мансабын аяқтайтынын айтқан.

Футболшы "Қайрат" футбол клубында соңғы ойынын өткізіп, Санкт-Петербургқа қайтып кеткен. Ол ендігі кезекте балаларды спортқа тәрбиелеу мен оларға білім беру істерін қолға алмақ.

Жанкүйерлер Санкт-Петербургқа оралғалы Аршавиннің қасынан бейтаныс қыздарды көп байқаған. Соған байланысты, желі қолданушылары футболшының заңды әйелінің көзіне шөп салып жүр деп топшылаған болатын.

Артынша Андрей жас қыздармен Мәскеу қаласында да көзге түскен.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер