Қазақстандық спортшы Путинді пір тұтады
Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған қазақстандық спортшы Глеб Брусенский Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді үлгі тұтатынын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>Тілшінің «велоспорттан басқа неге қызығасыздар» деген сұрағына жас спортшы былай деп жауап берген:</span>
<span>«Видео түсіріп, оны өңдегенді ұнатамын. Кітап оқимын. Көбінесе психологиялық, сондай-ақ, белгілі адамдардың өмірбаяны туралы оқығанды ұнатамын. Өмірде Владимир Путин, Александр Винокуров, Алексей Луценко және Петр Саганды пір тұтатымын».</span>
<span>Айта кетейік, Ұлттық Олимпиада комитетінің «Жыл серпіні» номинациясында лауреат атанған Глеб Брусенский мен Евгений Федоров</span><span>2018 жылдың қазан айында Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында велоспорттың командалық түрінен алтыннан алқа тағынған болатын.</span>