Футзал

Игита «үздік қақпашы» номинациясында Маммарелоның рекордын қайталады

Игита «үздік қақпашы» номинациясында Маммарелоның рекордын қайталады
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының вице-капитаны Игита UMBRO Futsal Awards нұсқасы бойынша әлемнің үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық қақпашы 482 ұпай жинады. Ол испаниялық Хесус Эрреро («Интер Мовистар») мен бразилиялық Гуиттуді («Спортинг» Лиссабон) озып кетті. Осылайша, Игита осымен үшінші мәрте өз позициясында әлемнің үзідігі болды. Бұдан бұрын ол 2015 және 2016 жылдары үздік қақпашы болып танылған.

Сонымен қатар, Игита «үздік қақпашы» номинациясында Стефано Маммарелоның рекордын қайталады.

Айта кетейік, «Қайрат» клубының ойыншылары Дуглас Жуниор мен Хоссейн Тайеби UMBRO Futsal Awards нұсқасы бойынша әлемдегі үздік бес ойыншы тізіміне енді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер