МакГрегор пабқа келгендердің барлығына өз ақшасына сусын алып берді

МакГрегор пабқа келгендердің барлығына өз ақшасына сусын алып берді

Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ирландиялық пабқа келушілерге төрт мың еуро жұмсады, деп хабарлайды Prosports.kz

30 жастағы спортшы дүйсенбі күні кешкі уақытта пабқа келіп, ондағы адамдардың барлығына өз қаржысына сусын сатып алып берген.

- Ол әлемдегі ең атақты адам саналады, соған қарамастан, ол осында келіп, менімен әңгіме-дүкен құрады. Конордың арқасында менің Instagram парақшама 15 мың адам жазалды. Миллиондаған адамдар біздің суретімізді көрді. Бұл таң қаларлық, - дейді паб иесі Лиам Флинн.

Флинн алдағы уақытта Макгрегор тағы да келетінін айтты.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или