Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
<span>2018 жылдың 26 желтоқсаны мен 2019 жылдың 6 қаңтары арасында Канаданың Ванкувер мен Виктория қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатының Жоғарғы дивизионы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
<span>Аталған жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания. Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жастар арасындағы Әлем чемпионатын трансляциялау құқығына ие болды. </span>
<span>Аталған матчты «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ-пен кездеседі. Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобында бес кездесуін жеңіспен аяқтап, Жоғарғы дивизионға жолдама алған болатын.</span>