«Қайрат» Төрттік финалының фавориттері қатарына кірмейді»

«Қайрат» Төрттік финалының фавориттері қатарына кірмейді»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кака өз командасының футзалдан Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігі жайында пікірімен бөлісіп, жарақат алған жетекші ойыншылардың қашан айығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Чемпиондар лигасының Төрттік финалы Алматыда өтетіні жайлы ақпаратты қалай қабылдадыңыз?

- Өте жақсы. Трибуна толы болады деп үміттенемін, жанкүйерлеріміз мықты қолдау көрсететініне сенімдімін. Оның үстіне, жергілікті жағдайларға бейімделмейміз, бұл дайындықты жеңілдетеді.

- Төрттік финалын өз алаңында өткізу – үлкен көмек, бірақ бұл қосымша қысым ғой, сіз қалай ойлайсыз?

- Егер бұл жағдайды дұрыс қабылдасақ, тек қолдауды ғана байқаймыз. Жігіттер ешқандай қысымды сезінбеуі үшін команданы дұрыс дайындауымыз керек.

- Төрттік финалының қазіргі құрамы – әр түрлі деңгейдегі командалар ма?

- Шынымды айтсам, «Қайрат» - фавориттер тізіміне енбейтін жалғыз команда. Өз алаңымызда ойнағандықтан, фаворит атағына жақындай түсеміз шығар, бірақ ойын тұрғысынан қарар болсақ... бізде жаңа команда, жаңа штаб, бәрі жаңа.

- Қысқы трансферлік кезеңде ойыншылар аласыздар ма?

- Нарықты сараптаймыз, бізді күшейте алатын футболшыларды қараймыз. Бірақ ол ұжымға еніп кете алатын ойыншы болуы тиіс. Қажет екен деп ойыншыларды шақыра бермейміз. Қандай да бір футболшының келуімен команданың күшейгенін қалаймыз.

- Дуглас пен Тайнан – олардың жағдайы қандай? Жалпы топқа қашан оралады?

- Жағдайды асықтырғымыз келмейді, олар негізгі командамен жаттығуға толық дайын болуы тиіс. Өздерін жақсы сезінеді, Жаңа жылдан кейін жалпы топқа оралады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или