«Қайратқа» 250 мың көлемінде айыппұл салынды

«Қайратқа» 250 мың көлемінде айыппұл салынды

Бүгін, яғни 14 желтоқсан күні Қазақстан футбол федерациясының Бақылау және тәртіптік комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отырыста футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті туры аясында өткен «Қайрат» - «Ақтөбе» (08.12.2018) кездесуінде көрермендердің балағат сөз айтқаны үшін Тәртіптік ереженің 1 бабына сәйкес «Қайрат» футзал клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы екінші матчта алматылық клуб 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или