ММА

Конор МакГрегор октагонға оралмауы мүмкін

Конор МакГрегор октагонға оралмауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор октагонға оралмауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның бапкері Джон Кавана өзінің сұқбатында айтты.

«Мен Конордың қайтып оралатынын кепілдік бере алмаймын. Ол соңғы ауыр екі жеңілісінен соң таңдау жасау оған қиынға түспек.

Оның екі баласы бар және жасы 30-ға келді. Виски шығаратын үлкен компаниясы бар, бұл Конорға жекпе-жектерден де көп табыс береді. Бетінен соққы алу үшін таң атпай тұрып жүре ме? Әзірше, сенімді емеспін.

Алайда, мен оның мінезін білемін. Ол маған ертең қоңырау шалып, «Сенің есің дұрыс па?! Мен наурыз айында жұдырықтасамын» деуі де әбден мүмкін, - деп келтіреді Канаваның сөзін Tofight порталы.

МакГрегор қазан айында UFC 229 турнирінде ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасып, тұншықтыру әдісімен жеңілген болатын.

Түпнұсқасы: AllBoxing.Ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер