Бокс

Головкин BoxRec рейтингінде бір сатыға төмендеді

Головкин BoxRec рейтингінде бір сатыға төмендеді
news-banner7
mobile-news-top

Салмақтан тәуелсіз BoxRec рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Үздіктерін көшін америкалық боксшы Теренс Кроуфорд бастап тұр. Одан кейін Головкинді жеңген мексикалық Сауль Альварес орналасқан. Үштікті өзінің отандасы Александр Усиктен басым түскен украиналық Василий Ломаченко түйіндеді. Ал төртінші сатыға Александр Усик жайғасса, бесінші орын қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі.

Тізімде аты аталған боксшылардан бөлек мексикалық Луис Нери, Мигель Берчельт, Лео Санта Крус, таиландтық Срисакет Сор Рунгвисаи мен ұлыбританиялық Энтони Джошуа бар.

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин IBO бокс қауымдастығының жаңартылған рейтингінде бірінші орнын сақтап қалған болатын. Сондай-ақ, Абель Санчес өз шәкіртінің кәсіпқой рингте әлі неше жекпе-жек өткізетінін айтты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер