Бокс

Головкин енді неше жекпе-жек өткізеді

Головкин енді неше жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің кәсіпқой рингте әлі неше жекпе-жек өткізетінін айтты.

«Меніңше, Головкин әлі 2-3 жыл жұдырықтасады, бірақ сол уақытты жемісті өткізуіміз керек. Тағы 2-3 жыл жүре тұрғанын қалар едім. Маңыздысы не? Ал маңыздысы – рингке қайта шығуға деген жігер, жаттығуда бар күшіңді салуың. Қысқаша айтқанша, бәрін баяғыдай жалғастыра беру керек. Бәрі осы жоспар бойынша өтетін болса, Головкин 5 немесе 6 кездесуге шығады деп ойлаймын», - дейді Абель Санчес.

Айта кетейік, Головкин өткізген соңғы үш жекпе-жекте үш түрлі нәтиже тіркелген болатын. Былтыр қыркүйекте GGG мексикалық Сауль Альвареспен тең түскен. Ал биыл мамырда америкалық Ванес Мартиросянды нокаутпен жеңді. Қыркүйекте болса, Альвареспен рематч өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Енді қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні Жаңа жылдан кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер