IBO рейтингі жаңарды
IBO<span> бокс қауымдастығы жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.</span>
Бұл рейтингіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірінші орнын сақтап қалды. Мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеніне қарамастан GGG көш басында тұр. Екінші сатыға америкалық Джермаль Чарло жайғасқан. Сондай-ақ, бұл салмақта тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 59-шы орынға жайғасқан.
Ауыр салмақтағы Иван Дычко 97-ші орыннан 89-шы сатыға көтерілді. Бірінші ауыр салмақтағы Бейбіт Шүменов бір сатыға төмендеп, 32-шы орынға түсіп қалды. Али Ахмедов 34-ші, Айдос Ербосынұлы 97-ші сатыда. Батыр Жүкембаев 27-ші орынға жайғасса, Абылайхан Құсайынов үздік 100 боксшының (93-ші) қатарына кірді.
Айта кетейік, <span>Абель Санчес Геннадий Головкиннің </span>кәсіпқой рингте әлі неше жекпе-жек өткізетінін айтты<span>.</span>