Велотректен Берлинде өтетін әлем Кубогына қатысатындар белгілі
Бүгін велотректен әлем кубогінің үшінші кезеңі басталады деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі спорттық бәсекені Германияның Берлин қаласы қабылдауда. Аталған сынға Қазақстан құрама командасы да қатысады.
Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесі әлем кубогіне қатысатын спортшылар тізімін атады.
Берлинде<span> </span>Артем Захаров, Павел Воржев, Роман Василенков, Асылхан Тұрар және Әлішер Жұмақан сынға түседі.
Еске сала кетейік, әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Павел Воржес жетінші орыннан көрінді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или