Артем Захаров: Әлем кубогінде жүлде алу оңай емес
Бүгін Берлинде велотректен әлем кубогінің үшінші кезеңі басталады. Аталған турнирге Қазақстан атынан бес спортшы қатысуда. Оның ішінде Артем Захаров та бар деп жазады Olympic.kz.
- Жақында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Өз нәтижеме көңілім толады. Ел біріншілігіндегі көрсеткішім менің бабымба екенімді, ұлттық құрамада көшбасшы екенімді дәлелдейді.
Берлинде өзімнің оң жамбасыма келетін оминиум додасына қатысамын. Жүлделі үштікке жақындау үшін барымды саламын. Егер физикалық тұрғыдан бәрі дұрыс болса, тұғырға да шығып қалармын.
Олимпиада ойындарына іріктеу басталғалы бері бәсекелестік те күшейіп кетті. Оның үстіне, біз қатысатын айтарлықтай ірі жарыстар да жоқ. Алты кезеңнің үшеуінде ғана бақ сынаймыз, - деді Захаров.
Еске сала кетейік, Артем Захаров Азия ойындарында екі мәрте қола жүлде иеленді. Оның бірін жекелей сында, екіншісін омниум бәсекесінде жеңіп алды.