Тай боксшысы қарсыласы мен төрешіні нокдаунға жіберді. Видео

Max Muay Thai турнирі кезінде тай боксшысы Гоу Дакуй қарсыласын ғана емес, төрешіні де нокдаунға жіберді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Жекпе-жектің видеосын Yodsanan есімді қолданушы твиттердегі парақшасында жариялаған.
«Max Muay Thai турнирінде бүгін қызықты жайт болды: Гоу Дакуй қарсыласы мен төрешіні бір мезетте ұрып құлатты», — деп жазды ол.
Төреші жекпе-жекке араласа бастаған кезде, тай боксшысы оны басынан бір тепкен. Төреші жерге құлап, көп ұзамай есін жиды.
Тартысты жекпе-жек Дакуйдің жеңісімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или