Кака: Команда Тайнан мен Дугластың Чемпиондар лигасында ойнағанын қалайды
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Кака Чемпиондар лигасының Элиталы кезеңі аясында өткен матчтар жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz <span> </span>afckairat.kz сайтына сілтеме жасап.
- Команда екі ойында 11:3 доп айырмашылығымен сенімді жеңіске жетті. Нәтиже көңіліңізден шықты ма, жоқ әлде ойлағаныңыздай болмай қалған сәттер бар ма?
- Әрине, максималист болу қажет. Бірақ, кейде реалист болуға тура келеді. Біз екі мықты командадан басым түстік, жақсы доп айырмашылығына қол жеткіздік. Алда әлі бір қадам бар. Қазіргі нәтижеге көңілім толады, дегенмен алдымызда тағы бір ойын бар.
- Бір күн спортшылар демалады. Ойыншылардың көңіл-күйі жақсы. Ойын ырғағынан шығып қаламыз деп ойламайсыз ба?
- Олай болады деп ойламаймын. Біз бұл жерге үш рет жеңіске жету үшін келгенбіз. Осы маусымда Чемпиондар лигасына ден қойдық. Біз ойын ырғағынан шығуға тиісті емеспіз және шықпайтынымызға сенімдімін.
-<span> Оразов «Пескарамен» болған ойынның қаһарманы болды, Эдсон «Лидамен» болған ойында покер жасады. Олардың өз шеберліктерін жарқын көрсете алады деп ойладыңыз ба?</span>
- Әр ойыншыдан жоғары деңгейдегі шеберлікті күтемін. Біздің футболшылардың әлі де биікке самғауына мүмкіндік бар. Оразов пен Эдсонның болашағы зор. Олар бұдан да биік дәрежедегі ойын көрсете алады. Барлық ойыншыларымыздың потенциалы бар.
- Көптеген жанкүйерлер Тайнанның жарақаты жайлы білгісі келеді.
- Ол бізден қазір алыста, бірақ ол үнемі бізбен бірге. Тайнан командамен күн сайын сөйлеседі. Ойыншыларға позитивті энергия береді. Жарақатына байланысты Чехияда паркетке шыға алмады. Бірақ, команда Дуглас екеуінің Чемпиондар лигасында ойнағанын қалайды. Себебі, олар «Қайраттың» маңызды футзалшылары.