ММА

Дамир Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды

Дамир Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дің қатары қазақ жігіті Дамир Исмағұловпен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Дамир Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған қазақ спортшысы ретінде тарихта қалмақ.

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Мирсад Бектич 8 желтоқсанда Канадада болатын UFC 231 турнирінен алынып қалғаны белгілі болды. Жерлесіміз UFC-де Ренато Мойканоға қарсы алғашқы дебютін өткізуі әбден мүмкін.

Дамир 18 жек­пе-жек өткізіп, 16 рет же­ңіс­ке жетті. 2017 жылдың мамыр айында Максим Дивничті бесінші раунд­та техникалық нокаутпен ұтып, 70 кило салмақ дәрежесі бойынша «М-1» ұйымының чемпиондық белбеуін иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер