Ескі таныстар
Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде «Қайрат» италиялық «Пескара», чехиялық «Хрудим» және белорусстық «Лидсельмашпен» кездесу өткізед. Prosports.kz назарларыңызға қазақстандық клубтың қарсыластары жайлы мағұлмат ұсынады.
«Хрудим» (Чехия)
Құрылған жылы:1991
УЕФА кубогы/Чемпиондар лигасындағы жетістігі: Элиталық кезең (2077/08, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17)
Чехия чемпионы: 2004, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
Чехия кубогының иегері: 2005, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2017
Дәйек: «Хрудим» үшін бұл 11-ші элиталық кезең. Финалдық раундқа олар әлі жете қойған жоқ. Туринирдің ақтық мәресіне жетуге төрт мәрте алматылық «Қайрат» тосқауыл болған.

Бұл команда «Қайраттың» ең басты қарсыласы деп айтуға болады. Тек тәжірибе мен шебер ойыншылардан бөлек, ойындар осы клубтың аренасында өтеді. «Хрудим» – Чехияның 14 дүркін чемпионы. Тәжірибелі, мығым команда жергілікті ұлттық құраманың ойыншыларынан жасақталған. Сонымен қатар, құрамында украиналық Дмитрий Литвиненко секілді легионерлер де бар. Олардың ішінде Эвертон және Фелипе сынды бразилиялықтар қазақстандықтарға таныс. Осыдан біраз бұрын «Қайратта» ойнаған футзалшылар қазіргі күні «Хрудимнің» үздік ойыншыларының біріне айналған.
Соңғы рет «Қайрат» пен «Хрудим» үш жыл бұрын кездескен. Сол матчта алматылықтар 4:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жеткен болатын. Жоан, Игор және Диваней қанжығасын майлаған еді. Айта кету керек, сол топта чехиялықтарды 6:0 есебімен жеңіп, кейін УЕФА кубогын иеленген Пауло Рикардо Кака жаттықтырған «Газпром-Югра» да болатын.
«Пескара» (Италия)
Құрылған жылы:1997
УЕФА кубогы/Чемпиондар лигасындағы жетістігі: Элиталық кезең (2018/19)
Италия кубогының иегері: 2014, 2018
Италия чемпионы: 2017/18
Дәйек: «Пескара» - элиталық кезеңде ойнаған жетінші италиялық клуб. Клуб үшін бұл алғашқы еурокубоктық маусым.

Айта кету керек, «Пескара» 2017/2018 жылдары УЕФА кубогында «Қайратпен» ойнаған клуб емес. УЕФА коммерциялық атауы бар команданы еурокубоктарға жібермейді. Сондықтан «Пескараның» өз атауы «Аква Сапоне» турнирде көрсетілмейді.
«Қайратқа» үшінші жыл қатарынан италиялық қарсыластар тап болды (16/17 «Реал Риети» жеңілді, 17/18 алматылықтар «Пескарадан» айласын асырған еді).
Италиялықтардың құрамында еуропалық өлшеммен қарағанда жұлдыздар көп деп айтуға болады. Олардың ішінде үш дүркін әлемнің үздік қақпашысы Стефано Маммареллу, бразилиялық әмбебап Габриэл Лима және «Монтесильвано» сапында УЕФА кубогын жеңіп алған италиялық Фабрицио Кальдеролли бар.
«Пескараның» бас бапкері италиялық Тино Перес (УЕФА кубогының екі дүркін жеңімпазы, төрт жыл мәскеулік «Динамода» қызмет атқарған).
«Лидсельмаш» (Беларусь)
Құрылған жылы:2007
УЕФА кубогы/Чемпиондар лигасындағы жетістігі: Элиталық кезең (2015/16, 2018/19)
Белорусь чемпионы: 2011/12, 2014/15, 2015/16, 2017/2018
Дәйек: Негізгі кезеңде «Қайрат» «Лидсельмашты» 6:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Чемпиондар лигасының регламентіне сәйкес, бір командаға қарсы екі кезеңде ойнай аласыз. Осыған дейін біз бұл команда жайлы жазған болатынбыз және сіздер Виктор Тарчило бастаған клубтың «Қайратқа» қарсы матчын көрген шығарсыздар. Алдағы айда бұл ұжымның ойыны қатты өзгеріске ұшырай қоймайды. Дегенмен, Кака айтқандай негізгі кезеңдегі нәтижеге даңдайсымау керек. «Лидсельмаш» тәжірибелі «Спортингке» қарсы ойында үлкен клубтарға қарсылас бола алатынын көрсеткен болатын.