Ауыр атлетика

Надежда Лихачева - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Надежда Лихачева - әлем чемпионатының қола жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Надежда Лихачева Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәлежесінің А тобында бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз жұлқа көтеруде 112 келіні бағындырып, кіші күміс медаль алды. Ол 115 келі көтерген Қытай спортшысына ғана есе жіберді. Ал үздік үштікті мысырлық ауыр атлет түйіндеді. Нәтижесі 111 келі.

Алайда Надежда серпе көтеру жаттығуын сәтсіз бастады. Алғашқы мүмкіндігінде 130 келіге тапсырыс берген ол мүлт кетті. Сөйтіп, бұл салмақты екінші мүмкіндігінде ғана бағындыра алды. Бірақ үшінші мүмкіндігінде 136 келіге әлі жетпеді.

Қос жаттығудың қорытындысы бойынша Лихачева 242 келіні көтерді. Бұл нәтиже оған әлем чемпионатының қола жүлдегері атануға мүмкіндік берді.

Бас жүлдені 267 келі (әлемдік рекорд) көтерген Қытай спортшысы, күміс медалді Египет спортшысы (252) жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер