Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
Турнирге 35 құрама қатысады. Қазақстан U-19 құрамасы жарысты негізгі кезеңнен бастайды.
Біздің құрама 1-топта Польша, Франция және Финляндия құрамаларымен ойнайды. Ойындар 2019 жылдың 26-31 наурызы аралығында Суоми елінде өтеді.
Назарларыңызға жеребе қорытындысын ұснамыз:
Алдын-ала іріктеу кезеңінің жеребесі (21-26 қаңтар 2019 жыл):
«A» тобы: Черногория, Грекия, Литва, Андорра
«B» тобы: Швеция, Косово, Кипр, Сан-Марино
Топтық кезеңнің жеңімпаздары негізгі кезеңге өтеді.
Негізгі кезеңнің жеребесі (26-31 наурыз 2019 жыл):
1-топ: Қазақстан, Польша, Франция, Финляндия (алаң иелері)
2-топ: Әзірбайжан, Словения (алаң иелері), Нидерланд, алдын-ала іріктеу кезеңіндегі «B» тобының жеңімпазы
3-топ: Португалия, Сербия, Босния және Герцеговина (алаң иелері), Молдова
4-топ: Украина, Румыния, Бельгия, Македония (алаң иелері)
5-топ: Испания, Венгрия, Грузия (алаң иелері), Түркия
6-топ: Ресей (алаң иелері), Чехия, Беларусь, алдын-ала іріктеу кезеңіндегі «А» тобының жеңімпазы
7-топ: Италия, Хорватия (алаң иелері), Словакия, Англия
Топтық кезеңнің жеті жеңімпазы Латвияда өтетін финалдық кезеңге қатысады. Шешуші бәсеке 2019 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Ригада өтеді.
Финалдық кезең (8-14 қыркүйек 2019 жыл)
Финалдық кезеңнің қатысушылары төрт командадан екі топқа бөлінеді. Әр топтың екі үздігі жартылай финалда жарысты жалғастырады.