2020 жылы футзалдан әлем чемпионаты Литвада өтеді

2020 жылы футзалдан әлем чемпионаты Литвада өтеді

2020 жылы футзалдан әлем чемпионаты Литвада өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>uefa.com порталына сілтеме жасап.

Турнир Еуропада 1996 жылдан бері тұңғыш өткелі отыр. Бұл шешім Руандада өткен ФИФА-дағы отырыста қабылданды.

 

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік турнирге екі рет қатысты. 2000 жылы топтық кезеңнен шыға алмаса, 2016 жылы қазақстандықтар 1/8 финалда Испания құрамасынан жеңілді.

Футзалдан 2020 жылға арналған күнтізбесі

Жеребе тарту: 12 желтоқсан 2018 жылы

Алғашқы кезең: 29 қаңтар - 3 ақпан 2019 жылы

Негізгі кезең: 22-27 қазан 2019 жылы

Элиталық кезеңінің жеребе тарту кезеңі: 7 қараша 2019 жылы

Элиталық кезең: 28 қаңтар - 2 ақпан 2020 жылы

 

Әлем чемпионатының өткен жылдардағы финалдық кезеңі: 

2016: Аргентина - Ресей 5:4 (Колумбия)

2012: Бразилия - Испания 3:2 (Таиланд)

2008: Бразилия - Испания 2:2, пен. 4:3 (Бразилия)

2004: Испания - Италия 2:1 (Тайвань)

2000: Испания - Бразилия (Гватемала)

1996: Бразилия - Испания 6:4 (Испания)

1992: Бразилия - США 4:1 (Гонконг)

1989: Бразилия - Нидерланды 2:1 (Нидерланды)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или