Велоспорттан Қазақстан қыздар командасы Олимпиадада алтылыққа енді

Велоспорттан Қазақстан қыздар командасы Олимпиадада алтылыққа енді

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында велоспорттан қыздар арасындағы кешенді жарыс аяқталды деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Бүгін велоспортшы қыздар маунтинбайктің критериум бағдаралмасы бойынша жарысқан болатын. Қазақстандықтар арасынан жоғары нәтижені Светлана Пащенко көрсетті, 12-ші орын. Ал Марина Курносова мәреге 25-ші болып келді.

Кешенді жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қыздар командасы алтыншы орын иеленді. 

Қыздар арасындағы велоспорт бәсекесінде Олимпиада алтынын Дания құрамасы иеленді. Күміс жүлде Австрия, қола жүлде Венгрия спортшыларының еншісінде. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или