«Астана» велокомандасы жаңа маусымдағы құрамын таныстырмақ

Бұл шара 8 қаңтар күні Италияда өтеді.

«Astana Pro Team» велокомандасының жаңа маусымдағы тұсаукесер рәсімі 8 қаңтар күні Италияның Брешиа қаласына жақын маңдағы Фенароли вилласында өтеді. Салтанатты шарада «Астана» командасының жаңа киім үлгісі мен «Astana BЕPINK» деп аталатын жаңа әйелдер велокомандасы таныстырылмақ.

Енді әлемдік велоспортта қазақстандық әйелдер велокомандасы жарыс жолына түсетін болады. Бұл жобаға бұрынғы велошабандоз, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Зульфия Забирова жетекшілік етеді.

«Астана» велокомандасының спорт директоры Александр Винокуровтың айтуынша, жаңа маусымдағы басты міндет – жоғары деңгейде өнер көрсету және әлемдік велоспорттағы үздік командалардың бірі атану. Бұл маусымдағы ірі додалардың бірінде жеңіске жету. Команда капитаны Винченцо Нибали болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или