Футзалдан Қазақстан Суперкубогы тікелей эфирде көрсетіледі

Футзалдан Қазақстан Суперкубогы тікелей эфирде көрсетіледі
Қазақстан футбол федерациясы YouTube-арнасында 14 қазан күні Щучинск қаласында өтетін футзалдан Қазақстан Суперкубогын тікелей эфирде көрсетеді.

Бас жүлдені алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады. «Қайрат» ойынға ел чемпионы және Қазақстан Кубогының иегері ретінде қатысса, «Ақтөбе» ел чемпионатының күміс жүлдегері ретінде алаңға шығады. 

Кездесу «Жақсы» спорт кешенінде өтеді.<span> </span>Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или