«Астана» велокомандасына жаңа шабандоз қосылады
Жас эритреялық шабандоз Мерхави Кудус 2019 жылдан бастап Әлемдік Турдың командасы «Астана» сапында өнер көрсететін болады. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлады.
<span>24 жастағы </span>Мерхави Кудус Эритрея чемпионы. Жас болғанына қарамастан жоғарғы нәтижелерімен көзге түсіп үлгерген шабандоз. Кудус өткен маусымда «Оман Турының» жастар классификациясын жеңіп, жалпы есепте 4-орынды иемденді.
Сонымен қатар «Валенсия Вуэльтасының» қорытынды классификациясы бойынша 9-нәтиже көрсетіп, «Испания Вуэльтасының» кезеңдерінің бірінде мәреге 2-ші болып келді. 2018 жылы Мерхави «Бургос Вуэльтасының» жалпы есебі бойынша 7-орынды иемденіп, испаниялық Гранд-турдың ең белсенді шабандоздарының бірі атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или