Блогбастер

Блогбастер

Спорттың да айтары көп

Қүрылған күні:

14 қараша 2016

Блог негізін салушы:

Төлеш Есет

11 қазан 2018

Адам етін жеп тірі қалған спортшылар

Адам етін жеп тірі қалған спортшылар

Адам баласы күтпеген және төтенше жағдайға тап болған кезде, адамгершілік пен асыл қасиет ұмытылады. Ұшақ апатынан кейін командаластарының етін жеп, аман қалған спортшылар туралы естуіңіз бар ма? Естімесеңіз, қайғылы оқиға туралы айтып берейік...

1972 жылы 13 қазанда спортшыларды Уругвайдан Чилиге алып бара жатқан ұшақ Анд шыңында құлаған. Ұшақта отырған регби командасы болатын. Апаттан кейін 45 адамның 33-і тірі қалған. Ал бірнеше күннен соң ауыр жарақат алған тағы бесеуі көз жұмады. Тірі қалғандар болса, құтқарушылар іздеп табады деп үмітін үзген жоқ.

Жылы киімсіз болған спортшылар, сөйтіп, қар арасында қалды. Оның үстіне, тамақ аз, таулы аймақ болғасын ауа жұту да қиын. Бірақ құтқарушылар команданы іздеп таба алмады. Ал сегіз күннен соң радио арқылы іздеушілер тобы өз жұмыстарын тоқтатқанын естиді.

Қарындары ашып, тоңа бастаған кезде спортшылардың бірі, дәлірек айтқанда, Роберто Канесса тағам ретінде қайтыс болған әріптестерінің етін жеуді ұсынады. Басында бәрі бұл идеядан шошып кеткенімен, бірнеше күндік аштық не істетпейді? Канесса өз өмірінде алғаш рет адам етін кесіп жатқанда қолының қатты дірілдегенін айтады.

Апаттан 18 күннен кейін қар көшкіні болып тағы сегіз адам көз жұмады. Қармен оранған ұшақ енді жыли түсті, ал қайтыс болғандар тамаққа айналды. Апат болған күннен бір ай өткен соң бірнеше спортшы кеш батқанша қай жерге дейін барып үлгере алатындарын тексеріп көрмек болады. Сөйтіп жүріп, олар ұшақтың бір бөлігін тауып алады. Мұнда киім толы чемодан, аккумулятор мен аз ғана тәтті тағамдар болады. Спортшылар рацияны жөндеуге тырысқанымен, қолдарынан келмеген.

Екі айдан соң тірі қалғандар саны 16-ға жетті. Олардың үшеуі көмек іздеп, таудан түсіп кетеді. Бұл 12 желтоқсан еді. 10 күн саяхатында 65 шақырымды артта қалдырған олар тау ағынына тап болады. Бір күннен соң өзенге жетіп, жергілікті бақташыны көреді. Өзеннің арғы жағында тұрған бақташы тасқа қағаз бен қарандашты байлап, спортшыларға лақтырып жібереді. Регбишілер өздерінің кім екендерін, қандай оқиғаға тап болғандарын жазып жібереді. Бақташы оларға нан мен ірімшік лақтырып, жылдам құтқарушыларға бет алады.

Сөйтіп, спортшыларға әскери гарнизонның алты өкілі мен журналистер келеді. Басында бұл оқиғаға ешкімен сенбейді, сол кезде төмен түскен үш спортшы ұшақ құлаған жерге алып барады. Көп ұзамай құтқарушылар келіп, ұшақта қалған спортшыларды да алып кетеді.

Қорқынышты апаттан тірі қалған 16 спортшы таудағы өмірін әлі ұмытпаған, қайтыс болған командаластарына құрмет көрсету үшін олар жыл сайын жиналып тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.