«Ақтөбе» грузиялық клубты ірі есеппен ұтты
«Ақтөбе» футзал клубы бүгін Чемпиондар лигасы аясындағы алғашқы матчын өткізді, деп жазады prosports.kz.
«Ақтөбе» клубы футзалдан Еуропаның ең беделді турниріне алғаш рет қатысып отыр. Олар бір топта хорватиялық «Ново Вриемя», финляндиялық «Кампуксен Динамо» және грузиялық ТМС командаларымен ойнайды. Ойындар Хорватияның Макарска қаласында өтеді.
<span>«Ақтөбенің» алғашқы қарсыласы Грузияның ТМС командасы болды.</span>
<span>Бұл кездесуде қазақстандық команда еш қиындықсыз жеңіске жетті. Ойынның бірінші бөлігінде қарсылас қақпасына жауапсыз 4 гол соққан ақтөбеліктер, екінші таймда сәл тізгін тарта ойнады. Қорытынды есеп 6:2</span>
Чемпиондар Лигасы. Футзал.
МФК «Ақтөбе» - ТМС (Грузия) - 6:2 (4:0)
<span>«Ақтөбе» сапынан гол соққандар: Эрик Данило (1 минут), Евгений Серый (3 минут), Евгений Валенко (8, 31 минут), Қайрат Иманалин (11 минут), Ринат Төреғазин (35 минут).</span>
«Ақтөбе» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі:
03.10.2018. 22:00. МФК «Ақтөбе» - ТМС (Грузия) - 6:2
04.10.2018. 22:00. «Кампуксен Динамо» (Финляндия) - МФК «Ақтөбе»
07.10.2018. 00:30. МФК «Ақтөбе» - «Ново Вриемя» (Хорватия)
«Ақтөбе» командасының Чемпиондар Лигасына арналған құрамы:
Қақпашылар:
№1 Асылжан Алин (1996);
№16 Салауат Байралиев (1994);
Қорғаушылар:
№2 Қайрат Иманалин (1988);
№4 Виктор Клинов (1993);
№6 Евгений Валенко (1984, Украина);
№8 Евгений Серый (1992, Украина);
№13 Александр Сорокин (1987, Украина);
№19 Егор Нулет (1997);
Шабуылшылар:
№7 Асхат Құлбаев (1994);
№9 Альберт Акбаликов (1995);
№10 Нұрбек Қарағұлов (1992);
№11 Ақеділ Мадияров (1995);
№14 Ринат Төреғазин (1995);
№15 Эрик Даннило Лопес Да Силва (1991, Бразилия);
Бас бапкер<span> </span>– Олег Солодовник (1966, Украина).