«Қайрат» футзал клубы Косовоға жетті

Ел чемпионы алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысу үшін Косовоға барды, деп жазады prosports.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларустік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түсті. Барлық ойындар Косовода өтеді.
Әр топтан үш үздік команда турнирдің элиталық кезеңіне жолдама алады.
«Қайрат» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі:
Чемпиондар Лигасы. Футзал.
03.10.2018. 01:30. «Феникс» (Косово) – АФК «Қайрат»
04.10.2018. 23:00. АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия)
06.10.2018. 23:00. «Лида» (Беларусь) – АФК «Қайрат»
АФК «Қайрат» командасының барлық ойындары «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілмек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или