Әлем чемпионатында Андрей Зейц 22-ші орыннан көрінді

Әлем чемпионатында Андрей Зейц 22-ші орыннан көрінді

Австрияның Инсбурк қаласында өтіп жатқан велоспорттан әлем чемпионатында топтық жарыс аяқталды. Қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Андрей Зейц көрсетті. 

Ол 258 шақырымға созылған кезеңді 22-ші орынмен аяқтады. Ал бұл додада испандық Алехандро Вальверде жеңімпаз атанса, күміс жүлдені француз Роман Барде, қола медальді канадалық Майкл Вудс жеңіп алды. 

Қазақстандық Андрей Зейц жеңімпаздан 1 минут 21 секундқа қадып қойды.

Ал Азиада чемпионы Алексей Луценконың көрсеткіші – 36-шы орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или