Велоспорттан әлем чемпионатында Андрей Зейц 22-ші орын алды
Австрияның Инсбурк қаласында өтіп жатқан велоспорттан әлем чемпионатында топтық жарыс аяқталды. Қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Андрей Зейц көрсетті, деп жазады Olympic.kz.
Ол 258 шақырымға созылған кезеңді 22-ші орынмен аяқтады. Ал бұл додада испандық Алехандро Вальверде жеңімпаз атанса, күміс жүлдені француз Роман Барде, қола медальді канадалық Майкл Вудс жеңіп алды.
Қазақстандық Андрей Зейц жеңімпаздан 1 минут 21 секундқа қадып қойды.
Ал Азиада чемпионы Алексей Луценконың көрсеткіші – 36-шы орын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или