Луис Санчес - «Алматы Туры - 2018» веложарысының екінші кезеңінің жеңімпазы
Astana Pro Team командасының велошабандозы испандық Луис Леон Санчес «Алматы Туры - 2018» көпкүндік веложарысының екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлйды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Ол мәре сызығын 4 сағат 11 минут және 35 секундта кесіп өтті. Одан кейін төрт секунд айырмашылығымен екінші болып Делио Фернандес (Delko Marseille) келді, ал үшінші орынға бірінші кезеңінің жеңімпазы Давиде Виллелла жайғасты.
Жарыс «Halyk Arena» көпфункционалды кешенінің аумағынан басталды және Медеу шатқалында аяқталды. Әр елден келген 19 клубтың өкілдері 160 шақырымды бағындырды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов алтыншы «Алматы Туры - 2018» халықаралық веложарысына жоғары баға берді.
Айта кетсек, Қазақстан атынан 4 команда қатысып, олардың арасында алғашқы рет алматылық Apple Team өнер көрсетті.
Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша Давиде Виллелла жалпы жіктеу бойынша жеңімпаз атанды, ал Юрий Натаров (Ұлттық құрама) үздік қазақстандық шабандоз деп танылды.

Оларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Кәлетаев пен Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Баталов құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше «Алматы Туры-2018» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде Astana Pro Team велошабандозы Давиде Виллела жеңіске жеткен болатын.