«Алматы туры 2018» веложарысы басталды

«Алматы туры 2018» веложарысы басталды

29-30 қыркүйек күндері өтетін «Алматы туры 2018» халықаралық шосседегі кәсіби веложарысы басталды, деп жазады prosports.kz.

Еліміздің осы күздегі басты спорттық оқиғаларының бірі саналатын веложарыс Алматыда алтыншы рет қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы жолы да өткен жылдағыдай доданың екі кезеңі болады және 30 қыркүйекте Медеу мұз айдынындағы мәреде аяқталады.

Бірінші кезең ҚБТУ ғимаратының алдындағы «Астана» алаңынан басталды, содан кейін пелотон «Қала айналымы» көшелерімен жүріп өтеді – барлығы 7 айналым, сөйтіп, жарыс «Астана» алаңындағы мәреде аяқталады (183,4 шақырым).<span> </span>

<span>Естеріңізге сала кетейік, ж</span>арысқа әлемнің 15 елінен келген велошабандоздар қатысады. Жалпы 19 команда бақ сынайтын болады. Былтыр өткен жарыста Astana Pro Team спортшылары Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг бірінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или