«Алматы туры» веложарысы: Қандай көшелер жабылады
Алматыда өтетін «Алматы туры - 2018» халықаралық кәсіби веложарысы барысында бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Оңтүстік Астанада 29-30 қыркүйек аралығында өтетін жарыс Орталық Азиядағы ірі спорттық додалардың бірі болып табылады.
Жарыстың тікелей трансляциясын «Eurosport» телеарнасы арқылы 60-тан астам ел тамашалайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жарыста да көшелердегі жол қозғалысы тек велошабандоздар өткен кезде ғана жабылатын болады. Спортшылар тобы өтіп кеткен соң жол қозғалысы қайта жанданады.
29 қыркүйек (бірінші кезең)
Сағат 10:00-де «Алматы туры» жарысының қатысушы командалары таныстырылады. Сол себепті «Астана» алаңында жол қозғалысы 9:30-дан бастап жабық болады.
Жарыс сағат 12:00 шамасында «Астана» алаңынан бастау алады. Бұл кезең барысында спортшылар 26,1 шақырымнан 7 шеңбер жасауы тиіс болады. Бағыты: «Астана» алаңынан бастап Төле би көшесімен Достық көшесіне дейін; Достық көшесімен Сәтбаев көшесіне дейін; одан әрі Назарбаев даңғылына дейін.
Осы бағытпен спортшылар Мұстафин көшесіне дейін жарысады. Қайта айналып Сейфуллин көшесіне келеді.
Одан әрі Сәтбаев-Байзақов-Абай-Желтоқсан-Төлеби көшесімен жүріп өтеді.
Сөйтіп «Астана» алаңында мәреге жетеді. Жарыстың алғашқы кезеңі Астана уақытымен шамамен 16:00-де аяқталады. Сол себепті, 9:30 бен 16:00 аралығында аталған көшелер уақытша жабылып отырады.
30 қыркүйек (екінші кезең)
Екінші кезең 11:00-де «Халық Арена» мұз сарайынан басталады. Спортшылар тобы «Шығыс айналма жолы-әл-Фараби көшесі» бағытымен 4,5 шеңбер жасауы тиіс.
Бұл кезең Тұңғыш Президент паркі-Достық көшесі-Медеу шатқалы маршрутымен аяқталатыны жоспарланған. Аталған жол учаскесінде сағат шамамен 11:00-16:00 аралығында қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі.
Айта кетейік, таңғы 10:00-12:00 аралығында Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысынан тегін автобустар қатынайтын болады.