Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Бакуде Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті. 

Бұл Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Пауло Рикардо Каканың бұл қызметтегі дебютті матчы болатын. Бір қызығы, 2012 жылы ол Әзірбайжан құрамасын жаттықтырған еді. 

Қазақстандық футзалшылар Бакудегі кездесуді жеңіспен аяқтады - 3:1. Біздің команда сапынан Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов пен қақпашы Игита гол соқты.

ӘЗІРБАЙЖАН – ҚАЗАҚСТАН - 1:3 (1:2)

Голдар: Оразов, 8 (0:1), Есенаманов, 9 (0:2), Багиров, 14 (1:2), Игита, 30 (1:3)

Әзірбайжан: Ровшан Гусейнли, Эмин Кюрдов - Хатаи Багиров, Самир Гамзаев, Ризван Фарзалиев, Нихад Исмайлов, Рамиз Човдаров, Иса Атаев, Эмин Микаилов, Адем Габибов, Намик Мамедкеримов, Фарид Атакишиев, Канан Манафов.

Қазақстан: Игита, Александр Гуров - Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Тайнан, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов, Альберт Ақбалықов, Қайрат Иманалин, Арнольд Кнауб, Александр Довгань, Антон Рындин.

Төрешілер: Эльчин Самедли, Юсиф Нуруллаев, Рамиль Намазов

23 қыркүйек, Баку.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или