«Алматы Туры-2018» веложарысына арналған велошеру өтеді

«Алматы Туры-2018» веложарысына  арналған велошеру өтеді

Жексенбі, қыркүйектің 23-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда «Алматы Туры-2018» веложарысына арналған кезекті велошеру өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналады. Олар 09:00–да велошеруді бастап Әл-Фабари даңғылы, Шығыс айналым жолы, Төле би, Достық, Шевченко, Желтоқсан көшелерімен жүріп, Астана алаңында аяқтайды. Велошерудің жалпы қашықтығы 11  шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын  ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он жетіншісі болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

«Алматы Туры» әлемнің кәсіпқой велошабандоздары қатысатын көпкүндік веложарыс болып саналады. Биыл  екі кезеңнен тұратын   жарыс алтыншы рет ұйымдастырылады.   Велобәйге қыркүйек айының 29-ы мен 30-ы күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или