«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында күздің екінші велошеруі өтті
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында күздің екінші велошеруі өтті, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Әр түрлі жастағы 600-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары Әл-Фабари даңғылы бойымен 8 шақырымды жүріп өтті. Олар велошеруді «Нұрлы Тау» БО-нан бастап Тұңғыш Президент саябағында аяқтады.

Мәреде қатысушылардың арасында сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды. Соның екеуін Almaty Bike - Алматыда велосипедтерді жалға берумен айналысатын комапнияның қызметкерлері ұтып алды.
- Мен велосипед ұтқаныма өте қуаныштымын. Шыны керек, өзім күтпедім. Бүгін әріптесетеріммен алғашқы рет келген едім, бәрі ұнады. Енді осы велосипедпен қатысып тұратын боламын, – деді велосипед иегерлерінің бірі Азимжан Кабирахунов.

Айта кету керек, бүгін Almaty Bike қолданушыларына арнайы науқан жүргізілді. Олар сағат 9:00-ден бастап 12:00-ге дейін велосипедттерді тегін қолданды.

Бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он алтыншысы болып саналады.