Ауыр атлетика

Зульфия Чиншанло ел чемпионы атанды

Зульфия Чиншанло ел чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында Зульфия Чиншанло топ жарды.

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 85 келіден бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 келі, үшінші рет шыққанда 90 келі көтерді.

Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 келіге тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады. Нәтижесінде 202 келі (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы допингпен спорттан шеттетілген Зульфия Чиншанлоға жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын.

Сурет «Литер» газетінің баспасөз қызметінен алынды

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер