Алматыда жүлде қоры 1.8 млн. теңгені құрайтын «Extreme толқыны» өтті

Алматыда жүлде қоры 1.8 млн. теңгені құрайтын «Extreme толқыны» өтті
Кеше «Атакент» Қазақстан Іскерлік Ынтымақтастық Орталығы аймағында экстремалды спорт түрлерінен, биден және стритболдан «Extreme толқыны» атты халықаралық спорттық фестивалі өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Бұл додаға  5 мемлекеттің - Қазақстан, Жапония, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 1000-нан астам қатысушы өзара мықтыны анықтады.

- Қаламызда экстремалды спорт түрлеріне арналған фестивальді үшінші рет өткізіп отырмыз, бұл шараның бастамашысы - Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жыл сайын халықтың осы спорт түрлеріне қызығушылығы артып келеді. Мысалы, егер алғашқы жылы фестивальге 500 жуық әуесқой қатысса, онда екінші рет 900-ден астам спортшы жинадық. Бұл жолы «Extreme толқыны» 1000-нан астам қатысушыларды жинады. Спорттық және ойын-сауық жарыстарына түрлі жас санаттарындағы спортшылар мен бишілер қатысты. Байқауға BMX, скейтбординг, стритбол, граффити және би түрлеріннен - попинг, хип-хоп, брейк данс, вакинг, би көрсетілімдерінің өкілдері қатысты. Жастар осындай іс-шараларға белсенді қатысады, үйдегі  компьютерлік ойындарға қарағанда осылай көңіл көтеруді ұнатады, - деді «Extreme толқыны» фестивалінің ұйымдастырушысы Нұржан Қойшыбайұлы.

Ол сондай-ақ, егер елде экстремалды спортқа ерекше назар аударылса, Қазақстанның осы санаттар бойынша алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіруге тамаша мүмкіндігі бар екендігін алға тартты.

- Елімізде талантты жастарға көп қолдау қажет. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауынсыз осындай 1 миллион 800 мың теңге көлемінде сыйақы қоры бар ауқымды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра алмас едік, - дейді Қойшыбайұлы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или