«Қайрат» - қола жүлдегер
Түмен облысының жүлдесі үшін бақ сынаған «Қайрат» футзал клубы қола медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>Турнирдің негізгі фавориттерінің бірі болып саналған «Қайрат» пен «Тюмень» (Ресей) арасындағы кездесуде алматылық ұжым басым түсті. </span>
<span>Алма-кезек шабуылдардан тұрған алғашқы таймда есеп ашылмады. Дегенмен, ойынның екінші кезеңінде «қайраттықтар» қарсылас қақпасына жауапсыз 4 доп тоғытты. Осылайша, «Қайрат» клубы жартылай финалдық матчтағы олқылықтың орнын толтырып, сауатты ойын өрнегін көрсетті. </span>
«Қайрат» - «Тюмень» 4:0
<span>Голдар: Диего 36, Эдсон 43, Ранжел 48, Леннон 49.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или