Бекет Парух: «Ансальдимен «Counter Strike» ойнайтынбыз»

Бекет Парух: «Ансальдимен «Counter Strike» ойнайтынбыз»

Болашағынан үлкен үміт күттіретін, «Қайрат» футзал клубының жас жұлдызы Бекет Парух «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында «Рубиндегі» ғұмыры жайлы, футболға қалай келгендігі туралы сыр шертті.

- Бекет футболға сені кім әкелді?

- Көптеген кішкентай балалар секілді футболды аулада ойнай бастадым. Өзімнен үлкен балалармен доп тебетінмін. Кейін «Тараздың» футбол академиясына шақырту алдым. Алғашқы бапкерім Александр Александрович Юрьевке алғысым шексіз. «Әй, осы баладан бірдеңе шығар» деп қыр соңымнан қалмай кәсіби ойыншы етіп тәрбиеледі.

- Үш жыл бойы «Рубинде» ойнадың, сол туралы айта кетсең...

- «Рубинде» ойнамай тұрып, қалай барғанымды баяндасам... «Тараз» командасының құрамында жасөспірімдер арасында ел біріншілігіне қатыстым. Аталған жарыста жеңіске жеттік. Мен үздік бомбардир атандым. Жарыстың жартылай финалы мен ақтық кездесуін Құрбан Бекейұлы Бердыев тамашалапты. Менің ойыным ұнаған көрінеді. Артынша шақырып алып «Рубинде» көргісі келетінін айтты. Сенер-сенбесімді білмедім. Құрбан Бекейұлы Бердыевты бірден танымадым (аты әйгілі болса да, түрін көрмеп едім). Сөйтіп, тоғызыншы сыныпта мен «Рубинге» байқаудан өтуге кеттім.

- Татарстанда қиыншылықтар болмады ма?

- Қиындық көрген жоқпын. Бірден үйреніп алдым. Әлі есімде, ол жаққа барғанда «орыс тілін үйренуге дайынсың ба?» деп сұрады. Өзім бұған дейін тек қана қазақша сөйлейтінмін. Әрине, дайынмын деп жауап бердім. Байқау аяқталған соң, Құрбан Бекейұлы мені әуежайға дейін шығарып салды. Қоштасарға дейін ләм-мим демеді. Мінезі сондай, көп сөйлемейді. «Рубинге» қабылдандым ба?» деп сұрауға менің де батылым жетпейді. Ақыры, тура қоштасарда киім-кешегімді жинап кеденнен өтпек болдым. Сонда арқамнан ақырын қағып «дайындал, қабылдандың» деді. Қуанғаным соншалық, әлгі әсердің желімен үйге қалай тез жеткенімді білмей қалдым.

- Үй ішіне қалай жеткіздің жаңалықты?

- Отанға оралған соң, үйдегілерге бірден айтқан жоқпын. Айтатын кезді күттім. Олар да менен Ресей туралы көп сұрады, футбол жайлы емес. Ұялған болар. Себебі ол сұрақты қойса «баламыз өтпей қалды-ау» деген іштегі ой жас көңілді жасытар деді, білем. Достарым бірінші боп білді, құттықтады. Кешке үйге келген соң, өзімде шыдай алмадым. Қуана жар салдым. Туғандарымның төбелері көкке бір елі жетпей жатты. Келесі күні әкем қой сойып, туысқандардың бәрін шақырды.

- Қазанға қашан аттандың?

- Басында олар маған маусымда келесің деген, артынша «мамырда жет» деді. Мәселен, сол уақытта Татарстан кубогы басталғалы тұрды, олар мені сонда көргісі келген, тіпті тізімге де жазып қойды. Бірақ менің де емтихандарым бар, тапсыруым керек. Директормен сөйлесіп жауабын тез таптық. Осылай Татарстанға ұшып кеттім. Бәрі ойдағыдай өтті, гол соғып, жақсы ойынмен бапкерлер мен жанкүйлердің көздеріне түстім. Қосалқы құрамға да шақыра бастады. Сосын ауыр жарақат алдым. Футболды уақытша тоқтаттым, тезірек емделіп алаңға шыққым келді. Ресей чемпионаты басталайын деп тұрды. Ол уақытқа дейін айығып үлгердім. Маусым біз үшін сәтті аяқталды. Ресей біріншілігінде топ жардық. Қуанышта шек жоқ. Командадағы жетекші ойыншылардың біріне айналдым. Уақыт деген зымырап өтті. Ресей азаматтығын алуым керек болды, онысыз ойнай алмайтын болдым. Келісімшарт та аяқталып қалған. Осылайша, отаныма қайта оралуға тура келді. Бұған қоса үйді қатты сағындым.

- Сенімен жаттықан ойыншылардың арасында Ресей Премьер-Лигасында ойнап жүргендер бар ма?

Ресей Премьер-Лигасына ешқайсысы шыға алмады. Бірақ бірінші лигада тер төгіп жүргендер көп. Мераби Уридия деген жігіт «Нефтехимикте», команданың үздік бомбардирі. Менімен жаттықан балалардың көбісі «Рубин – 2»-де ойнап жүр.

- Құрбан Бердыев туралы қандай ой қалыптасты?

- Өте білікті, сабырлы адам. Маман ретінде тактикаға көп мән бөледі. Қарсыласты басынан бас бармағына дейін зерттейді. Сенесіз бе, өзінің тұған күнінде ол Ресей Чемпионатының өткен тур ойындарын саралап-сараптап кешке дейін уақыт өткізген. «Өз жұмысыңа Бердыевтей берік бол!» деймін...

- Негізгі құрамның ойыншыларымен жаттығып көрдің бе?

- Иә, сол кезде командада Домингез, Ансальди, Семак секілді атақты футболшылар ойнайтын. Семак маған «Мә балмұздақ сатып ал» деп, ақша беретін (күледі). Ансальдимен «Counter Strike» ойнайтынбыз. (Компьютерге арналған ойын – автор.түз.).

- «Рубиннен» кейін қайда ойнадың?

- Отаныма оралған соң, «Лашын» командасында бірінші лигада ойнадым. Бірақ көп емес, 6-7 кездесуге ғана қатыстым. Біраз қиналдым мұнда. Сосын «Тараздың» қосалқы құрамында өнер көрсеттім. Маусымға дайындық кезінде жарақат алып қалдым да командадан кетуге мәжбүр болдым. Жарты жыл өзім жаттығып жүрдім. Артынша ЦСКА-Алматы командасынан ұсыныс келді. Соңда бардым. Бәрі сәтті басталды, алғашқы матчта гол соғып, командаға пайда әкелдім.

- Үлкен футболдағы ғұмырыңды баяндап бердің, кішісіне көшсек... Футзалға қалай келдің?

- Алматыда Бразилия құрамасы мен «Қайрат» арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Сол матчты көруге асық болдым.Себебі Фалькаоның ойынынан ләззат алатынмын. Допты жасушасымен сезетін футболшы ғой, шіркін. Сонда Александр Сергеевич Белокуровке, «Қайраттың» жаттықтырушысына, «байқаудан өтуге болады ма? Осылай да осындай бала едім» деп уәж айттым. «Сәрсенбіде кел» деді. Бұл кезде «Қайратты» Жоао Барбоза жаттықтыратын, сұсты бапкер алғашқы күні «Футзалды жақсы көресің бе?» деп сұрады. Мен, «Әрине, жақсы көремін» деп жауап бердім. Көңілден шықтым ғой деймін, «Қайрат» ұнатты. ЦСКА-дағы жаттығуларға қатысуды тоқтаттым. Бар ойым «Қайратта» болды. Сосын маған Александр Сергеевич Белокуров қоңырау шалып «құжаттарыңды алып кел, сені командаға аламыз» деді. Қуанышымда шек жоқ. Атып тұрып «ЦСКА»-ға құжаттарымды алуға барсам жібергісі жоқ. «Қателік жасап отырсың, адаспа Бекет, сен бізге керексің» деп ойымнан тайдыра бастады о жақтағылар. Мен барлығын ойыша шешіп қойғанмын. «Қайратқа» ойнағым келеді» дедім. Ұзақ қинаса да құжаттарымды қайтаруға мәжбүр болды команда басшылығы. «Қайраттың» базасына бастым. Келісімшартқа отырып маған киім-кешектер берілді. Алғашқы матчымда ел біріншілігі аясында «Тайпаққа» қарсы өткіздім. Сол ойында бірінші голымды соққанмын.

- Артынша Барбозаның орнына Какау келді...

- Иә, Барбоза «Сибирякқа» кетті, оның орнын Какау басты. Оған аса мән бермедім, жаттығуларға қатысып жүрдім. Үлкен футболдан кішіге ауысу қиын болды. Алаңға көп шықпайтынмын, сол себепті тактикалық тұрғыда көп қате жіберетінмін. Артынша жөнделдім.

- «Қайрат» сапындағы алғашқы маусым қалай аяқталды?

- Маусым сәтті аяқталды. Ел чемпионы атандық, бұған қоса УЕФА кубогын жеңіп алдық. Ең қызығы сол, мен ойнайтын команда ешқашан «Барселонадан» ұтылған емес, мәселен «Рубинге» көшіп барғанымда «каталондықтарды» негізгі команда жеңіп кеткен. Футзалдан «төрттік кубок» алдында «Барсамен» түсті бізге. Әкем маған қоңырау шалып: «балам, уайымдама, сен ойнайтын команда «Барселонадан» жеңілмейді» деп қалжыңдады. Солай боп шықты, біз жартылай финалда «Барселонаны», финалда «Динамоны» жеңіп, УЕФА кубогының жеңімпазы атандық.

- «Қайрат» сапында алғашқы маусымды өткіздің, енді өз алдыға қандай мақсат қоясың?

- Басты мақсат – негізгі құрамға іліну. Қаңтар айында жиырма бір жасқа дейінгі командалар арасында сайыс өтеді. Сол жарыстың қорытындысы бойынша U–21 ұлттық құрамасы жасақталады. Соңда бар өнерімді көрсутеге тырысамын. «Қайрат» сапында жарқылдағым келеді. Осы қойған мақсатқа жету үшін барлығын жасаймын.

- Какау Элиталы УЕФА кубогы кезеңі алдында «болашақта команда жергілікті ойыншылардан құралады» деген болатын, сол сөзі қаншалықты рас?

- Ақырындап, сол күндерге де жетеміз. Қазірде Дінмұхамед Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Николай Пенгрин секілді отандастарымыз команданың жетекші мүшелері. Ел біріншілігінде Какау мені, Тимур Мұрзабаев пен Амир Балтабаевты жиі ойнатуда. Уақытымыз келгенде біз де негізгі құрамда ойнаймыз.

- Какау жайлы не айта аласың?

- Какау жайдары жайсаң мінезді адам.

- Командада ең көңілді ойыншы кім?

- Ең көңілді Лео Сантана болған. Одан кейін Фумаса шығар. Арасында мен де бармын. Көңіл-күй көтергенді ұнатамын.

- Бразилиялықтармен бірге ойнап португал тілін үйреніп алған шығарсың?

- Иә, бірнеше сөз жаттап алдым.

- Әріптестерің жалған ат қойған жоқ па?

- Қойды. «Nutella» шоколадын жақсы көргендіктен «Nutelinhо» деп атап кетті.

- Бос уақытта немен айналасасың?

- Достармен қыдырам. Тауға жиі шығамыз.

- Қазіргі таңда «Қайратпен» қатар қарағандылық «Тұлпарда» жақсы нәтиже көрсетуде. Жалпы елімізде футзал дамып келеді. Осы тұрғыда қалған командаларға осындай деңгейге жету үшін не істеу керек?

- Менінше, жас ойыншыларға мүмкіндік беру керек. Қаржы тұрғысында да қолдау керек, өздерінің жас түлектеріне барлық жағдай жасалынуы тиіс. Сол кезде ғана бізде футбол дами бастайды.

- Қазақстанның үздік ойыншысы кім?

- Сөзсіз, бұл - Сүлейменов. Командадағы бразилиялықтардан еш кем түспейді. Кейбіреуінің алдын орап алады. Нағыз капитанға лайық мінезі де бар.

- Сүйікті ойыншың кім?

- Хави. Алаңда жасайтын қимылдарына таңғаламын. Бойы талпақ болғанымен, допты тартып алу мүмкін емес. Техникасы мықты.

- Адамның қандай қасиеттерін ұнатасың?

- Ең бастысы әркім өз адамгершілігінен ауытқымауы тиіс деп ойлаймын.

- Алда УЕФА кубогының төрттік финалы. «Динамо» мен «Барселона» сендерге тырнағы жетпей тіс қайрап отыр...

- Иә. УЕФА кубогының жеңімпазы ретінде бізбен санасатын болды. Ерекше дайындықпен келетініне сенімдімін.

- Төрттік Финалдың Бакуде өтуі біз үшін қолайлы ма?

- Қолайлы шығар. Ұшу уақытты екі-ақ сағат. Көп қиналмаймыз. Шалға жер емес. Мұсылман мемлекеті болғаннан кейін, қолдауысыз қалмайтын шығармыз деп ойлаймын.

- Жартылай финалда қай команданы таңдар едің?

- «Динамоны». Оларға қарсы қалай ойнау керек егендігін жақсы білеміз. Алаң қожайындары «Аразбен» кездеспей-ақ қойған тиімді. Дегенмен, қай қарсылас түсседе, ұтуға тырысамыз.

- Команда президенті Қайрат Айтмолдаұлы Оразбековтің клубқа қосқан үлесі қаншалықты?

- Қайрат Айтмолдаұлы ашық жүзді адам. Қатал президент емес, барлығымен жақсы араласады. Керек кезде көмектеседі. Мұндай бастықтар кем де кем. Қазақстан футболы мен балалар футболына қаншама қаражат қуюда, өз басым осындай адамдар көп болса ғой деп тілеймін.

- Әңгімеңе рақмет, саған тек сәттілік тілеймін.

- Сізге де көп рақмет.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или