Лео Сантана: «Қайраттан» кету мен үшін ауыр болды»

Үш жыл бойы «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Лео Сантана, жаңа командасы «Сибиряктың» сайтына алғашқы сұхбатын берді.

- Лео, «Сибирякқа» қош келдіңіз. Бізге ауыстыңыз, сол туралы әңгімелеп берсеңіз...

- Үлкен рахмет. «Сибирякқа» ауысқаныма қуаныштымын. Негізі клубтың басшылығымен бұрыннан бері сөйлесіп жүргенбіз. Бірақ нақты ұсыныс «Қайратқа» тек осы жылы ғана жасалды. Команда мені жіберді.

- Ұсыныс жайлы көп ойландыңыз ба?

- Ия, шешім қабылдауға көп уақыт керек болды. «Қайрат» УЕФА кубогың ұтқан сәтте, маған көп командадан ұсыныстар келе бастады. Бірақ соңында «Сибирякті» таңдадым.

- «Сибирякқа» қарсы көп жолдастық кездесу өткіздіңіздер, команда туралы пікіріңіз қандай?

- Ресей Суперлигасының көп командасымен ойнадым. Ең тартысты ойындар «Сибирякқа» қарсы өтті. Бұл өте жылдам және техникалық тұрғыда мықты команда.

- Жалпы карьераңызды қайда бастап едіңіз?

- Футзалмен кішінтайымнан айналаса бастадым. Кәсіпқой деңгейде Бразилияда ойнадым. Сосын «Қайратқа» ауыстым, енді міне Новосібірдемін.

- «Қайратпен» көптеген жеңістерге жеттіңіз, УЕФА кубогының жеңімпазы атандыңыз. Командадан кету ауыр болды ма?

- Иә. Командадан кету мен үшін ауыр болды. Жеңіске де байланысты емес. Алматыны сүйіп қалдым, ол жақтың халқы да маған ыстық. Дегенмен, «Сибирякке» ауысқаныма өкінбеймін. Мұнда да бәрі жақсы болады деп сенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или