Алексей Луценко - Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

Алексей Луценко - Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Бұл туралы Olympic.kz жазды. 

Топтасып жарысуда мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтіп, Азиаданың екінші алтынын жеңіп алды. 

Күміс жүлде иеленген өзбекстандық Мураджон Халмуратов біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа, ал қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қойды. 

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или