Ауыр атлетика Азия олимпиадалық кеңесінің жарыстар кестесінен алынып тасталуы мүмкін
Ауыр атлетика Азия олимпиадалық кеңесінің жарыстар кестесінен алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Proports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде ұйым президенті Ахмед аль-Фахад аль-Сабах мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы жылдары дәл осы спорт түрінде допинг даулары жиілеген. Тіпті, қазір Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарына Қазақстан мен Қытай ауыр атлеттері қатыспайды. Өйткені тыйым салынған препараттар жиі қолдануына байланысты қос құрама да бір жылға жарыстардан шеттетілді.
Ал енді спорттың өзін алып тастауға қатысты сұрақ тыңғылықты талқыланып жатыр және жақын арада нақты шешімі айтылуы керек.
Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах, Азия олимпиадалық кеңесінің президенті :
- Допинг даулары дәл осы Азия құрлығында өте көп кездеседі. Бірақ қолға алынып жатқан қатаң шаралардың арқасында көрсеткіш жыл санап азайып келеді. Әсіресе соңғы 15-20 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жағдай жасарды. Ал ендігі мақсатымыз – спортты допингтен түбегейлі тазарту.