Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның ерлер құрамасы футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Отандастарымыз Жаңа Зеландияға қарсы ойнап 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

<span>Матч Almaty Arena спорт кешенінде көптеген жанкүйерлердің қолдауымен өтті. Ойындағы есеп 18-минутта Владислав Черномордовтың әдемі голымен ашылды, ал екінші таймның 14-минутында Арнольд Кнауб есепті 2:0-ге жеткізді.</span>

<span> – Бүгін психологиялық тұрғыдан бізге қиын болды. Қарсыласымызды оңай жеңеміз деп ойладық. Бірақ олар өте жақсы ойын көрсетіп, физикалық тұрғыдан өздерінің мықты екендігін байқатты. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, бастысы, үш ұпай еншімізде, – дейді Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Черномордов. </span>

<span>Бұл кездесудің алдында дәл осы қос құраманың қыздары қызықты ойын көрсетіп, жаңкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын. Алайда Жаңа Зеландия ойыншылары Қазақстаннан басым түсіп, 5:3 есебімен 3 ұпайға ие болды. Біздің құрамнан Әлия Сәдуақасова екі рет, ал Камал Құдайбергенова бір рет көзге түсті.</span>

<span> Әлем чемпионаты 26 тамыз күні аяқталады. Ойындар Almaty Arena және Halyk Arena мұз кешендерінде өтуде. Оған 16 ерлер және 9 әйелдер құрамасы қатысуда. Ертең сағат 16:00-де Қазақстанның әйелдер құрамасы Португалиямен кездеседі, ал ерлер құрамасы Болгарияға қарсы өнер көрсетеді. Басталуы: 20:00-де. Екі кездесу де Almaty Arena-да болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или