ММА

Ресми: МакГрегор - Нурмагомедов жекпе-жегі қазан айында өтеді

Ресми: МакГрегор - Нурмагомедов жекпе-жегі қазан айында өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) ресми сайтында ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесудің қашан өтетіні ресми түрде жарияланды, - деп хабарлайды prosports.kz.

Жанкүйер қауым асыға күткен жекпе-жек 6 қазан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін болды. Қос мықтының арасындағы жекпе-жек UFC 229 турнирінің басты кездесуі болмақ. Олар жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атақты сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Нурмагомедов америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық атаққа қол жеткізген. Тағы бір айта кетерлігі, осы чемпиондық титул бұрын МакГрегорға тәуелді болатын. Енді ирландиялық үшін бұрынғы белдігін қайтарып алатын мүмкіндік туып тұр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер